"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Баратай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Баратай отдела образования по Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2018-2019 оқу жылының сараптамасы

Баратай негізгі мектебі

2018-2019 оқу жылының оқу-тәрбие үрдісінің есебі

        Мектептің жұмыс жасайтын әдістемелік тақырыбы: « Жеке тұлғаның білім сапасын арттыру және жан-жақты дамыту-заман талабы»

Мақсаты: 1. Мектептің педагогикалық ұжымының іс-әрекетін жаңашылдыққа бағыттауды қалыптастыру.

2. Оқу мен тәрбиені ұйымдастырудың жаңа формаларын, әдістерін педагогикалық технологиялармен байыту.

3. Ақпаратты технология мүмкіндіктерін пайдалана білуге дағдыландыру.

4. Мұғалімдер мен оқушыларды ғылыми-зерттеушілік шығармашылық жұмыстарға баулу, ынталандыру.

2018-2019 оқу жылында мынадай тапсырмаларды алға қойдық:

  1. Оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыра отырып, оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын жандандыра түсу;
  2. Мұғалімдердің АКТ негіздеріне деген мотивацияларын арттыру;
  3. Әдістеме жұмысын жағартылған бағдарлама бойынша білімде қолдануға, зерттеуге бағыттау.

   «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан-жақты дамыту керек. Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді.

     Оқу жылының қорытындысы бойынша  мектебімізде 12 мұғалім еңбек етеді. Сапалық құрамы бойынша:  10 мұғалім жоғары білімді, 2 мұғалім арнаулы орта білімді.  Олардың 7 мұғалімі-І санатты, 3-і екінші санатты ұстаздар, санатсыз-2 мұғалім.

    Әр ұстаздың биылғы оқу жылына арналған жылдық түйінді мәселелері бар, осы тақырып аясында жаңартылған білім мазмұнының оқу бағдарламасы бойынша  жұмыс жасап жатыр.

Қазіргі таңда мектебіміздің 1,2,3,5,6,7,8 сыныптары жаңартылған білім мазмұнының оқу бағдарламаларымен және жоспарларымен  оқып жатыр.

    Оқу пәндері бойынша жаңартылған оқу бағдарламаларының ерекшелігі , оқу бағдарламасы «шиыршық қағидаты» негізінде әзірленген, яғни тақырыптар мен сыныптар бойынша білім мен білік бірте-бірте өсіп дағдылар күрделеніп отырады.

 

  Әр тоқсан сайын жыл басында бекітілген кесте   бойынша ББЖ және ТЖБ  жұмыстары жүргізіледі.  Оқушылар  ББЖ және ТЖБ ережелерін сақтайды.

Мектепте оқу жылының басында 37 оқушы болатын 3 оқушы жанұялық жағдаймен қоныс аударуына байланысты басқа мектепке ауысты, қазір жыдың соңында 34 оқушы. Олардың ішінен 12 үздік, 13 екпінді оқушылар оқиды.  Мектеп бойынша білім сапасы 74%.

Сыныптар бойынша білім сапасы төмендегідей:

 

 

            Сыныптар

Оқушылар саны

Үздік оқушылар

саны

Үлгерімі жақсы оқушылар

саны

Сапалық үлгерім

Жалпы үлгерім (%)

1

4

1

1

50

100

2

5

3

0

60

100

3

5

2

1

60

100

4

4

1

3

100

100

5

4

2

2

100

100

6

8

3

2

60

100

7

1

0

1

100

100

8

3

0

3

100

100

Жалпы

34

12

13

74

100

  

                    

       Сыныптар бойынша  төмен білім сапасын көрсетіп тұрған 1-сынып. Сапалық үлгерімі-50%. Сыныпта 4 оқушы 1-еуі үздік, 1-еуі екпінд,і екі оқушы Бектас Әли мен Сәлік Өмір математика, орыс тілі және ағылшын тілі пәндерінен төмен, пән мұғалімдеріне алдағы уақытта жеке жұмыстар жүргізуге көңіл бөлу ескертілді.

2-сыныптың сапалық үлгерімі 60 %, бұл сыныпта екі оқушы: Реслер Станислав және Реслер Надежда қазақ тілі мен әдебиеттік оқу пәндерінен үлгерімдері төмен, оқушылардың бұл пәндерді меңгеруіне тіл қиындық тигізіп тұр.

3-сыныпта сапалық үлгерім 60% бұл сыныпта Сейтқали Махаббат және Тақау Нұрсұлтан қазақ тілі, математика, шет тілі, орыс тілі пәндерінен төмен көрсеткіш көрсетті. Себебі, оқушылардың пәндерді меңгеруіне оқу жылдамдығын меңгере алмауы, есептеуде қиналуы, тілді меңгере алмауы қиындық тигізіп тұр.

Пәндер бойынша білім көрсеткіші төмендегідей:

р/с

Пәндер

жылдық

1.

Қазақ тілі

87%

2.

Қазақ әдебиеті

89%

3.

Орыс тілі

86%

 4.

Алгебра

100%

5.

Геометрия

100%

6.

Физика

100%

7.

Химия

100%

8.

Биология

100%

9.

Қазақстан тарихы

100%

10.

Дүниежүзі тарихы

100%

11.

Ағылшын тілі

79%

12.

География

100%

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    2018-2019 оқу жылында барлық пәндер бойынша құрылған оқу бағдарламалары толық орындалды, бағдарламадан қалушылық болған жоқ.  Пәндер бойынша жазбаша жұмыстар, зертханалық жұмыстар жоспар бойынша қамтылды. Жаңартылған бағдарлама бойынша оқитын 1,2,3,5,6,7,8-сыныптарда БЖБ және ТЖБ жұмыстары кестеге сай алынды.

Мектепте үш әдістемелік бірлестік жұмыс істейді.

  1. Бастауыш әдіс бірлестігі-жетекшісі Искендир Г.А.
  2. Жоғарғы сыныптар әдіс бірлестігі-жетекшісі Тажибаева Г.Т.
  3. Сынып жетекшілер бірлестігі- жетекшісі Ташмағанбетова Ж.Қ.

   Бастауыш  сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің мақсаты:

       Үздіксіз бастауыш сатыдағы білім алуды қамтамасыз ете отырып өзгермелі әлеуметтік қоғам жағдайына бейімделе алатын, жан-жақты дамыған, шығармашыл тұлғаның дамуына жағдай жасау.

     Қыркүйек айында бастауыш сынып ұжымы нормативтік құжаттармен, әдістемелік нұсқау хатпен таныстырылды. Жаңа оқу жылына жұмыс жоспарлары талқыланып, бекітілді. Әрбір сынып жетекшілері пән бойынша тақырыптық күнтізбелік жоспарлары құрылып, бекітілді. Пән мұғалімдеріне тиесілі міндеттері бөлінді.

         Биылғы жаңа оқу жылының Білім күні жақсы хабарламадан басталды. Яғни 2017-2018  жылының аяғында «Пони» халықаралық байқауына қатысқан оқушылардың дипломдары жіберілді. Сондықтан жеңімпаздары мен жетекшілерін атаулы дипломдармен 1 қыркүйек күні тапсыруға тұра келді. Атап айтқанда бұл 4-сынып оқушысы Тақау Мақсат-1 орын, 3-сынып оқушысы Берік Дидар-1 орын, Жолдубаев Абай, Сыздық Омар, Сейтқали Гүлзана-сертификаттармен және осы оқушылардың жетекшілері Искендирова Сұлушаш Ауталиповна және Искендир Гульмира Алимовна дипломдармен марапатталды.

        Сонымен қатар «Кенгуру-математика для всех» халықаралық интеллектуалды конкурсының жеңімпаздары  дипломдармен марапатталды: Жолдубаев Абай және Тақау Мақсат-1 орын, Сыздық Омар мен Сейтқали Гүлзана- 2 орын.

Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесіне арналған «Тіл- татулық тірегі»  тақырыбында өткен онкүндік

Туғантілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде!

Туған тілім! Ана сүтінің жұғымы да сенде!

  Туған тілім! Райхан гүлдің жұпары да сенде!

     Туған тілім! Мәжнүн ғашықтың іңкәрі де сенде!

                     Туған тілім! Қыран құстың жанары да сенде!– деп, ақын  ағамыз жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс – берекенің алды, ұлттың әрі жаны, әрі ары. Тіл жай сөз емес, өмірдің талай сынынан өткен, өскелең талаптарға сәйкес өрістей түскен толыққанды ақиқат десек, жаңыла қоймаспыз. Осы  орайда мектебімізде  5- 18 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесіне арналған «Тіл- татулық тірегі»  тақырыбында онкүндік  өтті.

           Аудандық  білім  бөлімінің жоспарын негізге ала отырып, мектепішілік іс шаралардың жоспары құрылып ,әдістемелік бірлестіктерде бекітілді.

               Өткізетін іс-шара

Түрі

Мерзімі

Өткізуші

Жауапты

1

ҚР халқының Тілдер күні мерекесінің салтанатты ашылуын өткізу

Салтанатты жиын

05.09

Есимсеитова Г.Е

Садвакасова Т.К

2

«Ахмет Байтұрсынұлы- қазақ әліпбиінің негізін қалаушы»

Тақырыптық сабақтар

06.09

Сынып жетекшілер

Искендирова С.А

9

«Жұмағали Тілеулиннің өмірі мен шығармашылығы»

Танымдық кеш

17.09

Есимсеитова Г.Е

Есимсеитова Г.Е

17

Қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайтудың аса маңызды факторы-мемлекеттік тіл»

Дөңгелек үстел

10.09

Ташмағанбетова Ж.К

Искендірова С.А

18

«Үш тұғырлы  тіл саясаты-оқушылардың болашағы мен мүмкіндігі» Тіл-асыл қазына

Интеллектуалды ойын

12.09

Есимсеитова Г.Е

Искендир Г.А

Искендірова С.А

19

«Үш тұғырлы  тіл саясаты-оқушылардың болашағы мен мүмкіндігі»

шығарма

14.09

Есимсеитова Г.Е

Искендірова С.А

20

«Жаңа әліпби-жаңа дәуірдің жаңа тарихы», «Латын графикасына көшу»

Ата-аналар жиналысы

5-17.09

Искендирова С.А

Искендирова С.А

21

«Кім тапқыр?»

сайыс

13.09

Искендир Г.А

Искендирова С.А

22

 «Бала тілі-бал»

Мәнерлеп оқу

14.09

Какенова А.А

Какенова А.А

24

Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне арналған онкүндік аясында өткізілген іс шараларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

мақала

5-17.09

Айтбаева Қ.Ж

Әдіскер Аубакирова К.А.

25

Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай өткізілген  онкүндіктің жабылу салтанаты «Мәңгілік ел –мәртебелі тіл»

кеш

18.09

Есимсеитова Г.Е

Искендирова С.А

        Тілдер күні мерекесінің 5 қыркүйек күні салтанатты ашылуы өтті. Оқушылардың барлығы сап түзеп, салтанатты жиын Қазақстан  Республикасының  Әнұранымен ашылды . Қазақ тілі мұғалімі Есімсеитова Г.Е  оқушылар Тілдер күні мерекесінің  маңызы мен мерекелену себебіне тоқталып өтті. Бұл мерекенің халықтар достығы мен ынтымағының куәсі екенін, Қазақстан Республикасында тұратын  барша халықтың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін  қорғауға  және дамытуға  бағытталған  іс-шара екенін айтып өтті.
   Шараны   оқушылардың үш тілде дайындаған әдеби монтажы жалғастырды.

 Апталықтың екінші күні 5-6- сыныпта Тажибаева Г.Т «Ахмет Байтұрсынұлы- қазақ әліпбиінің негізін қалаушы» деген атпен сынып сағаттары өткізді . Сынып сағаттарында ақынның  өмірбаянымен таныстырылып ,өлеңдері оқылды. Сонымен қатар  «Ахмет Байтұрсынұлы- қазақ әліпбиінің негізін қалаушы» атты  көрсетілім көрсетілді.

              

  7-8-сынып оқушыларымен ақынның еңбектеріне шолу жасалып,шығармаларынан үзінділер оқылды. Бұл өткізілген іс шаралардың оқушыларға берері мол.

     Онкүндікте  іс-шаралар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізілді. Аталмыш онкүндік  аясында бекітілген жоспар бойынша мектебіміздің тіл мамандары Қазақстан Республикасында тұратын  барша халықтың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін  қорғауға  және дамытуға  бағытталған түрлі іс-шаралардың өтуіне белсене ат салысты.
           .             Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Есимсеитолва Г.Е 7-8- сынып аралығында «Үш тұғырлы тіл саясаты- оқушылардың болашағы мен мүмкіндігі» атты шығармалар сайысын ұйымдастырды.

            Оқушылардың мәнерлеп, жатқа оқу шеберліктерін  шыңдай түсу  мақсатында Есимсеитова Г.Е және Искендир Г.А  ұйымдастыруымен  «Тіл тірлігіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты 5-8 сынып аралығында үш тілде  мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Жеңімпаздар мақтау  қағазымен марапатталды.

Сонымен  қатар онкүндікте тарих мұғалімі Ташмағанбетова Ж.Қ  «Қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайтудың аса маңызды факторы-мемлекеттік тіл»  » тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Елбасының  данышпан  саясатының арқасында елімізде қоныстанған  барлық  ұлттардың  тілдерін,  мәдениетін, сондай-ақ мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру бағытында қол жеткізген айтарлықтай жетістіктерге тоқталып өтті.Соңында «Ұшқыр ой мен шешен тіл» тақырыбында    интеллектуалды  сайыс  өткізді.

   Оқу ісінің меігерушісі Искендирова С.А  ата-аналармен «Жаңа әліпби-жаңа дәуірдің жаңа тарихы», «Латын графикасына көшу» ата –аналар жиналысын өткізді.Жиналыста қазіргі заман талабына сай латын әліппиіне көшудің маңызы мен қажеттілігіне тоқталып өтті.

             Бастауыш сынып мұғалімі Искендир Г.А  1-4- сынып арасында «Кім тапқыр»  сайыс өткізді .Сайыстың мақсаты  елімізде қоныстанған  барлық  ұлттардың  тілдерін,  мәдениетін, сондай-ақ мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, тілге деген қызығушылықтарын ояту.

Онкүндік барысында «ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛ САЯСАТЫ-ОҚУШЫЛАРДЫҢ БОЛАШАҒЫ МЕН МҮМКІНДІГІ» тақырыбында 5-8 сынып оқушылары арасында «Тіл-асыл қазына» атты интеллектуалды сайыс тартымды өтті.

      Сайыс алты кезеңнен тұрды; кезеңдері барысында оқушылар өздері сұрақтарға жауап беріп, тұрақты сөз тіркестерін құрастырып, мағыналарын ашып, мақал – мәтелдерді жалғастырып, жұмбақтардың шешімін қазақ , орыс , ағылшын тілдерінде тапты сайыс барысында өздерінің білімдерімен, алғырлықтарымен, жылдамдықтарын танытты.

               Сонымен қатар балабақшадағы бүлдіршіндерде «Бала тілі-бал» атты

ертеңгілігін  мәнерлеп оқудан сайыс ұйымдастырылды..

     Апталық барысында5-8- сыныптарға арнап қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Есимсеитова Г.Е «Жұмағали Тілеулиннің өмірі мен шығармашылығы» атты танымдық ақпараттық  сабақ өткізді.Сабақ барысында оқушыларға Ж.Тілеулиннің шығармашылығы мен өмірінен мағлұматтар берілді.

Онкүндік қорытындысы ретінде  «Мәңгілік ел –мәртебелі тіл» атты салтанатты кеш өткізіледі

   Қазан айында әдебиеттік оқу пәні бойынша  Искендирова С.А. «Білім әлеміне саяхат» тақырыбында  апталық өткізді.

 Мақсаты:оқушылардың бойында сыни ойлау, қарым-қатынастың әртүрлі тәсілдерін қолдану, жеке және топта жұмыс жасай білу қабілеттерін арттыру;

Рс

тақырыбы

түрі

уақыты

жауапты мұғалім

 

1

Білімді болсаң, байқап көр,

Ойлы болсаң, ойлап көр!

сайыс

08.10.2018 ж

Искендирова С.А.

2

Кітапхана әлеміне саяхат

таным-сабақ

09.10.2018 ж

Искендирова С.А.

Ибраева Г.А.

3

Жақсыдан үйрен. Малды пайдаға жарату (Ы.Алтынсарин)

ашық сабақ

10.10.2018 ж

Искендирова С.А.

4

Ертегі әлеміне саяхат

сыныптар сайысы

11.10.2018 ж

Искендирова С.А.

 

5

Білім әлеміне саяхат

топтық сайыс

12.10.2018 ж

Искендирова С.А.

 

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   

  Қазан айында математика пәнінің мұғалімі Тажибаева Г.Т  өз сабақтарында жаңа технологияларды және мультимедиялық тақтаны кеңінен қолдана отырып ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында  «Twig»,   « i.mektep» сайттарынан сабақ тақырыбына байланысты деректерді қолданды.

              Биылғы оқу жылында «Ақбота»  Республикалық интеллектуалдық марафонына мектебіміздің 3-8 сыныптар арасынан 15 оқушысы қатысты.

   

Оқушының 
аты-жөні 

сыныбы 

пәні 

мұғалімі 

орыны 


1 


Кенжеболат Арай


5

математика

қазақ тілі

биология

Тажибаева Г.Т

Есимсеитова Г.Е

Ташмағанбетова Ж.Қ


ІІ 


2 


Манап Сезім


5

математика

қазақ тілі

биология

Тажибаева Г.Т

Есимсеитова Г.Е

Ташмағанбетова Ж.Қ


ІІ 


3 


Қалиолла Бихан


5

математика

қазақ тілі

биология

Тажибаева Г.Т

Есимсеитова Г.Е

Ташмағанбетова Ж.Қ


ІІ 

4

Теміржан Диана

3

қазақ тілі

математика

дүниетану

Искендирова С.А.

Искендирова С.А

Какенова Ж.К.

ІІІ

5

Есламбек Альбина

3

қазақ тілі

математика

дүниетану

Искендирова С.А.

Искендирова С.А

Какенова Ж.К.

ІІІ

6

Жолдубай Абай

4

қазақ тілі

математика

дүниетану

Искендир Г..А.

Искендир Г..А

Какенова Ж.К.

ІІІ

7

Сейтқали Гүлзана

4

қазақ тілі

математика

дүниетану

Искендир Г..А.

Искендир Г..А

Какенова Ж.К.

ІІІ


8


Бортасова А


6

математика

қазақ тілі

биология

Тажибаева Г.Т

Есимсеитова Г.Е

Ташмағанбетова Ж.Қ


ІІІ 



Кадиржанова А


6

математика

қазақ тілі

биология

Тажибаева Г.Т

Есимсеитова Г.Е

Ташмағанбетова Ж.Қ


ІІІ


10 


Тажибаева Я


6

математика

қазақ тілі

биология

Тажибаева Г.Т

Есимсеитова Г.Е

Ташмағанбетова Ж.Қ


ІІІ 

11

Каримжанова Амина

6

-

 

 

12

Каримжанова Мадина

6

математика

қазақ тілі

биология

Тажибаева Г.Т

Есимсеитова Г.Е

Ташмағанбетова Ж.Қ


ІІІ

13

Сыздыков Еламан

6

-

 

 


14 


Айкимбаев Серик


7


математика

қазақ тілі

биология


Тажибаева Г.Т

Есимсеитова Г.Е

Ташмағанбетова Ж.Қ


ІІІ 

15

Такауов Тұрлыбек

8

-

 

 

 

 

      Қараша айында математика пәнінен «Математиканың сырлы әлемі» атты апталығын бастауыш сынып мұғалімі Искендир Г.А. өткізді.   

Логикалық сұрақтар, қызықты математикалық ойындар, жарыс сайыстар ұйымдастыру арқылы оқушылардың математикаға қызығушылығын және шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында өткізілді. «i.mektep» сайтындағы түсініктемелер мен сабақ тақырыбына байланысты өздік жұмыстар, көрсетілген қорытынды балдары  балаларды қызықтырды. Өткізілген іс-шаралар оқушыларға көп әсер етіп, математикаға деген қызығушылығын артырды.

р/с

Тақырыбы

Түрі

Мерзімі

1

«Сандар кіммен дос?!»

Ашылуы, сауалнама, суреттер көрмесі

05.11.18

2

«Математика патшалығы»

Интеллектуалды марафон

06.11.18

 

3

«Қызықты сандар мен фигуралар»

Математикалық ермексаз көрмесі

07.11.18

4

« Жұлдызды сәт»

Ойындар, жұмбақтар шешу

08.11.18

5

«Жұмыс,өнімділік, уақыт»

Ашық сабақ, 4-сынып

09.11.18

 

6

Апталық қорытындысы

Марапаттау

12.11.18

   

Желтоқсан айында казақ тілі пәнінің мұғалімі «Ақын болар ма еді?"әдеби кеш өткізді. Кеш барысында  Қ.Рысқұлбековтың өлеңдері оқылып, аталмыш тұлғаның өмірбаяны, арнайы қойылған ескерткіштері туралы айтылды.

          Ұлттық төл ақшамыздың 30-жылдығына орай «Теңге, кеше, бүгін,ертең» тақырыбында  4-сынып оқушыларымен  сынып жетекшісі Искендир Г.А. ашық тәрбие сағатын өткізді. Сабақтың мақсаты: Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге жайында, оның шығу тарихы   жайлы мағлұмат алады, теңге туралы түсініктері кеңейеді.Сабақ барысында оқушылар  ұлттық валютамыз-теңге туралы көп мағлұмат алды, жаңа ақпаратпен танысты. Оқушылар өз ойларын еркін түрде жеткізе алды, белсенділікпен қатысты.

 

Республикалық көлемінде жылда ұйымдастырылатын «Код сағаты-2018» 3-8-сынып оқушылары қатысты. Бұл шараға қатысқан оқушылар программированиенің бірінші қадамдарымен танысты. Бүкіл оқушылар жақсы нәтиже көрсеткені үшін атаулы сертификаттарға ие болды.

              

Қатысқан  Теміржан Диана І орын, Кенжеболат Жалғас І орын.

Жетекшісі Искендирова С.А.

 

    Қазақ тілінен 8 сынып оқушысы Клепцова В  «Тіл-мемлекет тәуелсіздігінің символы» ХІІІ республикалық қашықтық олимпиадасына қатысып ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды және сертификат алды . Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Есімсейтова Г.Е.

 «Менің атым Қожа» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

 

       Ақпанның 25-нен наурыздың 01 аралығында «МИФ» апталығы өтті.25 ақпан күні апталықтың ашылу салтанаты өтті. Оқушыларды  жоспармен таныстырып, барлығын осы апталыққа бірдей ат салысуға шақырды. Сонымен қатар әр түрлі викториналық сұрақтар қойылып жұмбақтар шешіліп, мақал-мәтелдер айтылды.

26 ақпан күні    информатика пәнінің мұғалімі Искендир Г.А   «Жұлдызды сәт» сайысын өткізді.

        

27 ақпан күні оқушылардың пәнге деген қызығушылығын   математикалық ойлау қабілетін шығармашылық   белсенділігін дамыту, логикалық және қызықты математикалық есептермен ойындармен таныстыру,

5,6 сыныптар арасында математика пәні бойынша «Талаптың мініп тұлпарын...» сайысы өткізілді.

       28 ақпан күні үштілділік-заман талабы: Қазіргі таңда жаңарған заманға сай білім саласында көп тілді меңгерту өзекті мәселелердің бірі болып отыр, соған байланысты информатика пәнінің мұғалімі Искендир Г. А  «Шартты мәліметтер IF/ELSE  (conditionai statements  IF/ELSE)» деген тақырыпта үш тілде ашық сабақ өткізді.

 01 наурызда оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту,шығармашылық қабілеттерін шыңдау, өз бетінше жұмыс істеуге үйрету,еңбекке баулу мақсатында 7,8 сыныптар арасында физика пәнінен  «Қызықты физика әлемі»  атты сайыс өткізілді.

                                                Сонында апталықты қорытындысы шығарылып жақсы қатысқан оқушылар грамотамен марапатталды.

Сонымен қатар осы ақпан айында  5-8 сынып оқушыларының арасында «Көкпар-зерделілер сайысы» өткізілді                      

                  

Мектебімізде 8-сынып  оқушылары арасында үш тілді-қазақ,орыс, ағылшын тілдерін меңгеруге деген қызығушылығын байқау мақсатында «Тіл дарыны» байқауы өтті. Байқаудың жеңімпазы- Клепцова Виктория

         

 

Сәуірдің 8 мен 12 аралығында «Тарих-ізгілікке үндейді» атты тарих апталығы өтті.

1-күні. Апталықтың ашылу салтанаты өтті.

«Ақмола облысының киелі жерлері» туралы слайд көрсетілді.

Ақмoлa oблысына қарасты, Бурабай ауданында «Ханның қызыл ағашы» деген атаумен белгілі қасиетті оpын баp. Абылай ханның бұл ағашы Ақмола облысының киелі нысандарының қатарына еніп отырғандығы туралы мағлұмат берілді. Таныстырылым  оқушылардың қызығушылығын оятып,жоғары дәрежеде өтті

2-күні. «Атажұрт» танымдық ойыны өткізілді.   

Мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту,  сөз қорларын байыту.«Атажұрт» атты танымдық ойынға 5-8 сыныптың оқушылары түгелдей дерлік қатысты.

Ойын 5 турдан тұрады.

  1-ТУР   ОЙЛАН ТАП    2-ТУР  ОН ТҰҢҒЫШ

    3-ТУР  СУРЕТТЕР СӨЙЛЕЙДІ    4-ТУР  ТӘУЕЛСІЗДІК  ШЕЖІРЕСІ

    5-ТУР  ҰШҚЫР ОЙ

3-күн. «ХІХ ғасырдағы білім беру мен ағарту ісі» 8-сыныпта тарих пәнінен ашық сабақ өткізілді

4-күн.     «Ұлы даланың жеті қыры»  көрсетілім

 мақсаты: Оқушыларға  Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жайлы және мақалада атталған тарихымыз туралы түсіндіру.

.

5-күн.  « КТК » көңілділер мен тапқырлар сайысы

Мақсаты: Мектеп көңілділер мен тапқырлар клубы қозғалысын дамыту, жас буынды тәрбиелеу, жастардың бос уақытын тиімді пайдалануды насихаттау болып табылады.

                        Өмірді шаттандырып, нұрландырған бұл әзіл,

                        Риза қылып кәрі-жасты, бала қылған бұл әзіл.

                        Келіп тұрған ойыншылары КТК-ның ортамызға,

                        Сыйласын жақсы көңіл, тәтті ән мен сәтті әзіл.

 

 

   

  

 

Сайыс   оқушылардың қызығушылығын оятып,жоғары дәрежеде өтті.

Оқу жылы  аяғында бірлестіктің кезекті отырысында бірлестік мұғалімдері пән бойынша білім сапалары туралы және жазба жұмыстары жөнінде есебін берді.

Әр тоқсан сайын пәндер бойынша ТЖБ (тоқсандық жиынтық бақылау) және тест жұмыстары жүргізіледі.

              

                             Мектеп бойынша KUNDELIK.KZ көрсеткіші:

 

Айлары

Қыркүйек

Қазан

Қараша

Желтоқсан

Қаңтар

Ақпан

Наурыз

Сәуір

Мамыр

Пайыздар

100%

99,36%

100%

100%

86-100%

100%

100%

100%

86-100%

 

BilimLand»,  «Twig»,  «i.Test», «i.Mektep» сайттарын

сабақ барысында  пайдалану (23.12.2018-27.05.2019)

 

             

 

 

Мерзімі

Аккаунт саны

Қаралым саны

Қаралым коэффиценті

Баратай НМ

23.12.2018

8

38

22

 

10.01-26.03

8

372

46.5

 

10.01-27.05

8

607

75.88

 

 

 

 

2018-2019 оқу жылы Баратай негізгі мектебі тәрбие жұмысын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы «22» сәуірдегі № 227 бұйрығымен бекітілген құжаттары негізінде  ұйымдастырды.

Тәрбие жұмысының тақырыбы: «Отбасы, мектеп және қоғамның өзара ынтымақтастығы».

          Мақсаты: Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан- жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу.

          Міндеттері: 

1. Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат және патриот қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету.

2. Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету.

3. Тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету.

4. Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын, психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету. 

5. Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.   

      Осы міндетті ұстана отырып биылғы 2018-2019 оқу жылында мектепте барлығы 5 сынып жетекші жұмыс атқарады .Сынып жетекшілер бірлестігі жұмыс жасайды,жетекшісі Ташмағанбетова Ж.Қ.

      Мектептегі тәрбие жұмысы «Оқушыларды халықтың тарихы және әдеби мұралары негізінде оқытып тәрбиелеу» түйінді мәселесі бойынша біршама жұмыстар атқарды.                                                                                                                      

     Оқу жылының басында 2017-2018 жылы атқарған жұмыстарға талдау арқылы  2018-2019 оқу жылына міндеттер айқындалып,ұйымдастыру шаралары іске асты: сынып жетекшілер тағайындалды, оқушылардың және ата-аналардың әлеуметтік жағдайы туралы мәліметтер жиналды, тәрбие жоспарының бағыттары белгіленді, сынып бөлмелері бекітіліп,белгіленді.

       Мектеп және сынып жетекшілердің тәрбие жұмысының басым бағыттары:

 Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының барлық бағыттары арқылы өтеді.  

1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

2. Рухани-адамгершілік тәрбие

3. Ұлттық тәрбие

4. Отбасы тәрбиесі

5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие 

7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты                                                                         

  Тамыз айында барлық мектеп жасындағы балаларды оқуға тарту, аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға жан-жақты материалдық көмек көрсету мақсатында «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды.Демеушілер тарапынан қолдауды қажет ететін патронаттығы тәрбиедегі Сыздықов Е, Айкимбаев С. және    Клепцовтар отбасындағы 5 оқушыға ауылымыздың бас имамы Сыздықов Тасболат Жастілекұлы  сыйлықтартарту етті.

    1 қыркүйек Білім күні «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын қолдап өзінің көмегін көрсетуге және оқушыларды мерекемен құттықтауға ауылымыздың тумасы,Көкшетау қаласының тұрғыны Нахимов Мұса ағамыз жұбайы Әлиямен келді.Ауылымыздағы патронатты тәрбиедегі 8 оқушыға оқушы сөмкесі және оқу құралдарымен қамтамасыз етіп,  өз көмектерін көрсетіп отырғанын айтып балаларға  жылы киімдер табыс етті.

1 қыркүйек «Білім күні» барша оқушылар мен аяулы ұстаздардың асыға күткен мерекесі. Білім күні әр жыл сайын дәстүрге айналған «Алғашқы қоңырау-2018» салтанатты жиыны  мерекеге сай безендіріліп өткізілді.     Жиынға ата-аналар,ардагер ұстаздар, мектеп әкімшілігі,ұстаздар мен оқушылар қатысты. Салтанатты жиын мектебіміздің жас бүлдіршіндерінің ән-биімен жалғасты. Алғашқы қоңырау соғу рәсімі 8 сынып оқушылары мен 1 сынып оқушыларына берілді. 1-қыркүйек Білім күні 1-8 сыныптары «Мен-өз Отанымның патриотымын» атты тақырыбында сынып сағаттарымен жалғасты.  

    Денсаулық күніне орай  оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулықты нығайту, көңіл күйді көтеру, сыныппен бірге ұйымшылдықты сезіну мақсатында  «Денсаулығымыз өз қолымызда» атты спорттық іс-шаралар,ойындар өткізді.  

    Іс-шара өте көңілді өтті.Оқушылар белсене,қызыға  қатысты.

                             

                                      

 

                                          

      Қыркүйек  айының 5-күні «Рухани жаңғыру» аясында кітапханада «Бақытты отбасы-бақытты балалық шақ» атты дөңгелек үстел өтті.Сонымен қатар «Отбасы –бақыт мекені атты» суреттер байқауы ұйымдастырылды.                                                       

          1 Қазан – Халықаралық Қарттар күніне арналған түрлімерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері «Құрметпен қарттарыма сәлемдеме» атты акция ұйымдастырып қарт ата-апаларымыздың үйіне барып мерекелерімен құттықтап, көмек көрсетіп қайтты. Акция «Құрметтейік қарттарды» тақырыбында кездесу кешімен жалғасты.  Бұл кешке ауылымыздың қариялары және мектебімізден зейнетке шыққан қарт ұстаздар қонаққа шақырылды. Сонымен қатар мерекеге Сарыөзек селолық округінің әкімі Есмағанбетов Сабыржан Шәріпұлы келді.Мереке барысында  қариялар оқушылардың арнап дайындаған концерттерін тамашалады. Бұл күні де ауылымыздың азаматы Нахимов Мұса қарттарға арнап сыйлықтар және тәттілер салынған пакет таратты. Мектеп ұжымы және аспазшының ұйымдастыруымен мектеп асханасында шай ішіп, ақсақалдар ризашылықтарын білдіріп баталарын берді.  

        5- қазан күні «Шәкірт жанын аялайтын ұғатын,сен ұлысың  ұлағатты ұстазым!» атты мерекелік кеш және Өзін-өзі басқару күні өтті.  Оқушылар таңертең мұғалімдерді мектеп дәлізінде әсем музыкамен қарсы алды.Салтанатты жиын өткізіп,мұғалімдерді құттықтады

                       

Мерекелік іс-шара 2 кезеңнен тұрды.               1 кезең жоғары сынып оқушылары бір сәт өздерін  мұғалім сезініп сабақ берді.                                                                                                                                                                          

2- кезең ұстаздарға арнап мерекелік  концерт  ұйымдастырды.

 

     12 –қазан «Алтын күз-2018» атты мерекелік кеш өтті                                                                      Мақсаты: Мектебімізде өткізіліп жатқан «Алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылық, күз-шаттық, күз-қуаныш екенін оқушы санасына жеткізу. өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.

Мерекелік кешке арнап оқушылар қабырға газеттерін шығарды, өздері дайындаған концерттерін қойып және ата-аналармен бірлесе дастархан әзірледі.

     

    Қараша айының 23-күні ата-аналармен жүргізілетін мәдени-ағарту жұмыстары бойынша «Рухани жаңғыру» аясында «Бала әкеден өнеге,анадан мейірім алады» атты отбасылық кеш өткізілді.                                 

 Мақсаты: ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып,олардың халық ауыз әдебиеті,салт-дәстүрі туралы білімдерін байқау; ән-би,қолөнер тәріздіхалықтық өнерден хабардарлығын анықтау; отбасы –Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып,оқушыларды ынтымақ пен бірлікке,татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.                                             Сайысқа Ибраевтар отбасы,Айтбаевтар отбасы және Сұрағановтар отбасы қатысты.Сайыс 6-кезеңнен тұрды.Сайыс өте көңілді өтті.Әр отбасы мүшелері белсенді қатысты.Сайыс басталмас бұрын әділ қазылар алқасы сайланды.Әр сайыс соңында алған ұпайларын хабарлап,соңында Мадақтама грамоталармен марапатталды.

      

1-ші жартыжылдықта жоспар бойынша екі сыныпта ашық тәрбие сағаттары өтті.  қараша айында  4 сыныпта  сынып жетекшісі Искендир  Гульмира  Алимовна

    1-желтоқсан Қазақстан Республикасының тұнғыш Президенті күніне  арнап сыныптар арасында«Елбасымыз кемеңгер,көші түзу кемел ел!» тақырыбында сынып сағаттары өткізлді

Мақсаты: қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы,туып-өскен,оқып білім алған,қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын,халқын сүюге,ержүректілікке,азаматтыққа,патриоттық сезім ояту,тәрбиелеу;шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту,құрметтеу.

7-желтоқсан күні барлық сыныптар арасында «Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізілді.

Мақсаты:қоғамның әртүрлі орталырындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу;сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып,құқықтық мағлұмат беру.

   16 желтоқсан «Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді.14-желтоқсан күні «Тәуелсіз елім тірегім,самғауыңды тіледім» атты салтанатты жиын өтті.Жиын барысында мектебіміздің оқушылары Реслер Надежда,Реслер Станислав және Реслер Светлана «Жас Ұлан» республикалық балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылданды.

   24-28желтоқсан аралығында мектепішілік «Қош келдің,Жаңа 2019 жыл!» тақырыбында Жаңа жылдық шырша мерекесіне дайындық жұмыстары  ұйыдастырылы п өткізілді. «Айгөлек» шағын орталығында 26-желтоқсан күні жаңа жылдық мерке тойланды.     

                                                                     Қалған оқушылар мерекені 28-желтоқсан тойлады.Алдын ала мектеп спорт залы жаңа жылдық шырша, түрлі-түсті ойыншықтар, аяз-ата мен ақшақар суреті бейнеленген плакаттармен безендірілді. Шыршаға барлық сынып оқушылары түгелдей қатысты.  Мектеп директоры Садвақасова Толқын Қабдырахманқызы шырша мерекесіне келген барлық оқушылар мен ата-аналарды келе жатқан 2019 жыл, доңыз жылымен құттықтап жаңа жылдық шырша шамын жағып мерекені ашып берді. Барлық оқушыларымыз өз өнерлерін ортаға салып Аяз-ата мен Ақшақардың сыйлығына бөленді. Шырша мерекесі барлық оқушыларымызға көтеріңкі көңіл – күй сыйлап қуантты. Ата-аналарымызда өз ризашылықтарын білдірді. 

            «Ғасырларға мақсат қойсаң, Ұрпақ тәрбиесімен айналыс»-деп халық даналығы айтқандай еліміздің ертеңі-бүгінгі жастар екені белгілі.Елбасымыз Н .Ә.Назарбаев халқымыздың алдында «XXI ғасырды құрушы іскер,өмірге икемделген,жан-жақты мәденетті,сауатты жеке тұлғаны тәрбиелеу керек »,-деп жауапты міндет қойып отыр.Бұл ұлтымыздың болашағы тәрбиелі ұрпақ қолында дегенді білдіреді.                                        

    Қазіргі таңдағы жан-жақты білім мен тәрбие берер мәдени орындарының бірі мектеп. Білімді ұрпақ –егеменді елдің берік тірегі. Біз білімді ұрпақ, білімді тұлға дегенде рухани жан-дуниесі бай,білімі мен біліктілігі жоғары,талап-талғамы терең,салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастырған тұлғаны айтамыз.Түбегейлі өзгерістерге бет бұрған жаңа қоғамда тек білімді ұрпақ,білімді болу жеткіліксіз,сондықтан әрбір жеке тұлғаның адамгершілік,ізгілік,кішіпейілдік,қайырымдылық,батырлық, бойына Отан –сүйгіштік т.б. қасиеттер болу керек. Ол үшін жас ұрпаққа тәрбие беруде              ар-ұят,адалдық,рүхани,адамгершілік,ізгілік мәселелерін қатар қою керек.Оқушыларға тәрбие беруде әр-түрлі қызмет түрлері қолданалады.   Олар: лекция,оқу кеші,факультативтік сабақтар,сынып сағаттары, сухбаттар,кеңестер,конференциялар,шығармашылық,кездесу кеші.

  Осы қызмет түрлерін қолдана отырып қағидаларды іске асыру және  жас ұрпаққа тәрбие беру мақсатында ІІІ тоқсан бойы көптеген жұмыстар жүргізілді.

   Балалардың қысқы демалысын қызықты да көңілді өткізу мақсатында                                                                                                                                       

   3-қаңтардан-6 қаңтар аралығында қысқы демалысқа арналған іс-шаралар

   өткізілді.

       3-қаңтар мектеп спорт залында  «Көңілді мәре» атты эстафеталық жарыс өтті. 

   4-қаңтар күні «Қыс қызығы» тақырыбында аулада ойындар ойнадық.

        5-қаңтар «Шаңғы спорты» тақырыбында оқушылар шаңғы тепті.

      6-қаңтар күні «Қыс кереметі» сайысы өтті.

                        

      Қазастандық патриотизм және азаматтық тәрбие,құқықтық тәрбие» бағыты бойынша қаңтар айында 3-8 сыныптар арасында «Қазақстан- біз сенің болашағыңбыз» атты суреттер байқауы өткізілді.

           

   Ақпан айында « Кеңес Одағы Армиясының Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30жыл» тақырыбында іс-шара өткізілді.

Мақсаты:Қажетсіз  соғыстың қасыреті  жайлы мағлұматтар  беру. Оқушыларды  ұлтжандылыққа ерлікке ,Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

 Әр адамның  өмірі  де, өзі де тарих.  Бүгінгі күні сол тарихтың есте қаларлықтай кейіпкері  болып қалудың өзі де бір арман.Сол тарих бетіне көз  жүгіртсек бүгінгі  біздің жиналу себебіміз де ашылады.

Ең   алдымен  тарихқа көз жүгіртсек  мына мәліметтерге назар аударайық.

  1978 жылы Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс болып оның арты аяқталмас соғысқа айналды.  Бұл қасырет  елдің өз ішінде ғана емес,оған сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа  созылды. Ауғандық өкімет басшылары өз елінің ішіндегі жағдайы Кеңес Одағын тікелей  қатыстыра отырып  шешуге  тырысты.1979 жылы маусымда Орта Азия респуликасының  түпкілікті  ұлтынан жасақталған арнайы батальон үшін әскер құрамы мұсылман  ұлты өкілінен  әсіресе  барлаушылар, атқыштар,  танкішілер бөлімшелерінен  таңдалып алынып шығыс тілін білу және денесі шымыр

шапшаң қимылдайтын болуы керек.          

      

 1979-1989 жыл аралығында  осы Ауған жеріндегі соғыста Қазақстан елінен 22 мың азамат өздерінің Отан   алдындағы борыштарын өтеуге аттанды.Солардың 731 қаза тауып,  22 сі хабарсыз кетті.

 Отан үшін отқа түскен осы ер азаматтарды  біз ешқашан ұмытпауымыз керек.Олардың жасаған ерлігін мәңгі есте сақтап,боздақтарымыздың өздері қасымызда болмаса да, олардың рухтары біздің мәңгі қасымызда.                                                                                                             

Ауған жерінде қаза тапқан Интернациналист  жауынгерлердің құрметіне бас иіп, орнымыздан тұрып бір минут үнсіздік жариялап еске алдық.

 

      Осы сұрапыл соғыста  біздің Ақмола облысынан да жүздеген жігіттер Отан алдындағы борыштарын өтеуге аттанған болатын.Олардың біразы сол жақта ерлікпен қаза тауып кейіннен оларға батыр атағы берілді.

   Біздің Баратай ауылынан да жерлестеріміз  Ибраев Дуанбай Казыбайұлы, Куандықов Жақсылық Шаймұратұлы,Букенов Мұрат Бекқожаұлы өздерінің Отан алдындағы азамматтық борыштарын  өтеуге барған болатын.Олар елге екі әскер қатарында болып осы сұрапыл соғыстың ащы дәмін татып  елге Батыр боп оралды.Олар Кеңес Одағының Интернационалист Жауынгерлері  деген атқа ие болды.

Кейіннен осы елімізден шыққан Батырлардың құрметіне мына өлең шумағы шығарылған болатын.

Әр елдің еркесі бар ,серкесі бар.

Семсердей серік етер серттесі бар.

Жау келсе тел шетіне ара түсер.

Қамалдай қалқан құрар шептесі бар.

Көкшеде Қарауылдың бір тармағы.

Сыр шертсек шежіренің арғымағы.

Шыңдалар Шұңғыршадан шыққан не бір,

Дүлдүлден текті әулеттен жанған бағы.

       

  Наурыз айында «Отаным деп шырқаймын!» атты патриоттық әндер байқауы өткізілді.    

                    «Рухани-адамгершілік тәрбиесі» бағыты бойынша қаңтар айында 1-4 сынып оқушыларының арасында «Сөз шебері» сайысы өткізілді.

Мақсаты:  оқушыларды өз ана тілін сүюге, ана тілінде таза сөйлеуге, тілге деген ынталарын жандандырып, тіл біздің ертеңіміз, тіршілігіміз, өміріміз екенін түсіндіріп, тәрбиелеу; сөздік қорларын молайту, логикалық ойлауға дағдыландыру;мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәнін ашу, сөйлеу мәдениетін жетілдіру; оқушыларды адамгершілікке, достыққа, бірлікке тәрбиелеу.

  

Ақпан айында психолог Тажибаева З.Қ. 1-5 сыныптар арасында «Жаман әдеттен аулақ бол!» атты тренинг өткізді.

    Наурыз айында Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған «Ару-Ана,Батыр-Ана,Ер-Ана!» атты мерекелік кеш өтті. Бұл кешке мектептегі барлық оқушылардың әжелері, аналары қонаққа шақырылды. Оқушылар мерекелік концерт дайындап, өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын сыйлады. Келген қонақтар риза болып , ақ тілектерін білдіріп, бата берді.

Сонымен қатар іс-шара аясында «Көктем аруы» сайысы өткізілді.

 

   20 наурыз мектебімізде  мектепішілік «Армысың-Наурыз !» атты мерекелік кеш өтті. Бұл мерекеге де ата-аналар қонаққа шақырылып, оқушылар өз өнерлерін көрсетті. Мереке соңында бауырсақ желініп, мектеп аспазшысы Ибраева Г.А дайындаған наурыз көже ішілді.

      Зияткерлік тәрбие,ақпараттық мәдениет тәрбиесі» бағыты бойынша ақпан айында 5-8 сыныптар арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» сайысы өтті.

Наурыз айында кітапханашы Ибраева Г.А 1-4 сыныптар арасында «Кітап-алтын қазына» атты апталық өткізді.

 

Ертегілер еліне саяхат жасап,сахналық көріністер көрсетті.

 

    Еңбек,экономикалық және экологиялық тәрбие» бағыты бойынша барлық сыныптарда «Мамандықтың бәрі жақсы» атты сынып сағаттары өткізілді.

  Мақсаты:оқушыларға мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру, өмірдегі қажетті таңдауды дұрыс жасауына кеңес беру.

       

«Дене тәрбиесі,салауатты өмір салты тәрбиесі» бағыты бойынша ақпан айында медбике Сулейменова М.Қ. оқушылар арасында «Тұмаудан сақтан!» атты алдын алу шаралары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.    

     

Ақпан айында 1-8 сынып оқушыларының арасында «Көңілді старт» эстафеталық сайыс өткізілді.

Мақсаты: «Денсаулық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу. Денсаулықты сақтау, нығайту қажеттілігі туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулығын нығайтуға қызығушылықтарын арттыру. Денсаулығын күтуге, бағалауға тәрбиелеу. Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру. 

      

    «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы  аясында  бастауыш сынып ұлдарының арасында ақпан айында  «Әке көрген оқ жонар» атты сайыс өткізілді.                                       

 

                                   

   1наурыз «Бүкіләлемдік  Азаматтық қорғаныс» күніне орай  «Біздің міндетіміз - балалардың қауіпсіздігі» тақырыбында  іс-шара өткізілді.
 «Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс» күні мектепшілік жиыннан басталды . Мектеп директоры  мектеп ұжымы мен оқушылардың алдында  бұл күннің негізгі мақсаты мен міндеттері ,маңыздылығы, ерекшелігі жайлы ақпаратты баяндады.                

    

Бабаев К.М. оқушылардың қатысуымен төтенше жағдайлар кезінде адамның жеке тұлғасын қорғаушы құралдар қалай қолдану керектігін, олардың  құрамындағы негізгі қорғаушы  элементтері жайлы іс-тәжірибе сабағын өткізді .

 

      Сонымен қатар «Көктемдегі су тасқынынан абай болыңдар! » тақырыбында түсініктеме жүргізілді.

Өрт қауіпсіздігімен шаруашылық меңгерушісі Есімсейтов М.Н. түсінік берді.

     

Мектеп медбикесі Сүлейменова М.Қ.  алғашқы көмектің негізгі  ұстанымдары жайлы баяндау жасап , іс-тәжірибеде алғашқы көмек жасау құралдарын қолдануды , ауа жолдарын қорғағыш құралдарды  көрсетті.

 

          Ақыл тақтаның мүмкіндіктері арқылы   оқушылар  сынып сағаттарында төтенше жағдай кезіндегі  іс-әрекеттер ,алғашқы қорғау құралдары , өрт қауіпсіздігі  және т.б    қызықты  ақпараттарды  көріп ,тыңдай алды.

 

              

   Сәуір айында мектеп психологі Тажибаева З.Қ.сыныптара арасында «Мен ғажайып мамандықтар әлеміндемін», «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» атты тренингтер өткізді. Сонымен қатар 12 сәуір ғарышкерлер мерекесіне арнап сынып жетекшілер сыныптар арасында «Ғарышқа қанат қаққандар» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді. 

 9-сәуір Еленовка орта мектебінде аймақтық шахматшылар сайысы өтті.Осы сайысқа мектептің 4-сынып оқушылары Жолдыбай Абай және Сыздықов Омар қатысып жүлделі ІІ және ІІІ орынды иеленді.

    

 

 Мектеп тәлімгері Айтбаева Қ.Ж. 1-мамыр мерекесіне арналған «Қазақстан елі-достықтың мекені» атты мерекелік іс-шара өткізді.   

 

                                                                                

   Мектебімізде  сәуір айынан бастап 7-мамыр аралығында«Сарғайса да тарихтың ақ парағы,ол күндер мәңгі есте сақталады!» атты Ұлы Отан соғысының 74 жылдығына және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері күніне арналған әскери-патриоттық айлық жүргізілді.Айлықтың жоспары құрылып,жауапты адамдар таныстырылып,бекітілді.Айлық «Жасасын Жеңіс күні!»атты суреттер көрмесін және«Ардагерлер бұрышын» ұйымдастырудан басталды.

        

Сыныптарда «Ұлы Жеңіске-74жыл» атты сынып сағаттары өткізілді.

Мақсаты:Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс  туралы мағлұмат беру. Отан үшін жанқиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін  үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.

Мектеп кітапханасында «Ұлы Жеңіс-барлығына ортақ» атты көрме ұйымдастырылды. Құқық пәнінің мұғалімі Бабаев К.М. сыныптар арасында «Соғыс жылдарындағы әндер» атты саптық әндер шеруін өткізді.

    

Осы айлық барысында «Жақсылық» тимуровшылар тобы соғыс балаларына және тыл еңбеккерлеріне көмек көрсетіп және Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне қойылған ескерткіштің маңын тазалап,күту жұмыстарын жүргізді.

 

                8 мамыр күні «Сарғайса да тарихтың ақ парағы,бұл күндер мәңгі есте сақталады»атты саптық жиын өтті. Жиынға соғыс ардагерлерінің туыстары және ауылымыздың қарт аталары мен әжелері шақырылды. Салтанатты жиыннан кейін ескерткішке гүлшоғы қойылып, 1 минуттық үнсіздік жарияланды, ауыл ақсақалдары бата берді.

Арнайы дайындалған астан ауыз тиді.

           

11-мамыр мектебіміздің 25-жылдық мерейтойына арналған «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» аясында «Жылдар жүздесуі» атты түлектермен кездесу кеші ұйымдастырылып,өткізілді.

                       

  21-мамыр даярлық сыныбының оқушыларымен Тілашар тойы өтті.

 

                                     

 

 

 

           15мамыр күні жалпы ата-аналар жиналысы болып, жылдық қорытынды жұмыстар, «Балалардың отбасындағы қауіпсіздігі»,«Абай бол! Терезе...», «Баланы интернеттен қорғау» , «Балалар қауіпсіздігін қадағалау»,«Алдымызда жаз»   сияқты мәселелер талқыланды.Жиналыс соңында психолог Тажибаева З.Қ. «Ата-ананың алақаны-балаға саялы бақ» атты тренинг өткізді.

                 Мамыр күні барлық мекеп оқушылары және мұғалімдер топсаяхатқа шықты. Таза ауада демалып,әртүрлі ойындар ойнатылды.Тамақ та ішілді.

                                                                                 

       25-мамыр күні «Сыңғырла,күміс қоңырау!» атты соңғы қоңырау салтанатты   жиыны өтті.Жиынға ауылымыздың қарт ұстаздары шақырылды.

                        

    «Ел боламын десең ,бесігіңді түзе»-деп заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезов айтқандай, ел болашағы жасөспірімдердің саналы да өнегелі тәрбиесіне тікелей байланысты. Осы қағиданы, ережелерді жүзеге асырғанда біз болашағымызға зор сеніммен қараймыз.

       Осы жыл бойы жүргізілген тәрбие жұмыстарының барлығы оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеуге, адамгершілікке, әдептілікке, ел мен жердің қадір-қасиетін ұғынуға тәрбиелейді деген ойдамыз.

                       Оқу ісінің меңгерушісі:                    Искендирова С.А.

          

Жаңартылған күні: 23.01.2020 11:15
Құрылған күні: 23.01.2020 11:15

Текст