"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Баратай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Баратай отдела образования по Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2018-2019 оқу жылының І жартыжылдық сараптамасы

 

2018-2019 оқу жылының оқу-тәрбие жұмыстарының І жартыжылдық сараптамасы

     «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан-жақты дамыту керек. Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді.

      Мектептің жұмыс жасайтын әдістемелік тақырыбы: « Жеке тұлғаның білім сапасын арттыру және жан-жақты дамыту-заман талабы»

Мақсаты: 1. Ақпараттық-зияткерлік ресурстарды қолдануға қабілетті заман талабына сай дарынды, құзыретті тұлға қалыптастыруға мүмкіндік жасау.

2. Оқушы мен мұғалім қарым-қатынасын дамыту арқылы білім сапасының сақталуы мен көтерілуіне ықпал ету.

3. Ақпаратты технология мүмкіндіктерін пайдалана білуге дағдыландыру.

4. Оқушылардың әртүрлі танымдық байқауларға қатысуын қамтамасыз ете отырып, дарынды тұлға қалыптастыру.

2018-2019 оқу жылында мынадай тапсырмаларды алға қойдық:

  1. Оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыра отырып, оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын жандандыра түсу;
  2. Мұғалімдердің АКТ негіздеріне деген мотивацияларын арттыру;
  3. Әдістеме жұмысын жағартылған бағдарлама бойынша білімде қолдануға, зерттеуге бағыттау.

     Қазіргі таңда мектебіміздің 1,2,3,5,6,7,8 сыныптары жаңартылған білім мазмұнының оқу бағдарламаларымен және жоспарларымен  оқып жатыр.

    Оқу пәндері бойынша жаңартылған оқу бағдарламаларының ерекшелігі , оқу бағдарламасы «шиыршық қағидаты» негізінде әзірленген, яғни тақырыптар мен сыныптар бойынша білім мен білік бірте-бірте өсіп дағдылар күрделеніп отырады. Осы орайда мектебіміздің 11 ұстазы жұмыс жасайды. Оның  ішінде жоғарғы білімді-10, арнаулы орта білімді-1 ұстаз. Әр ұстаздың биылғы оқу жылына арналған жылдық түйінді мәселелері бар, осы тақырып аясында жаңартылған білім мазмұнының оқу бағдарламасы бойынша  жұмыс жасап жатыр.

  Әр тоқсан сайын жыл басында бекітілген кесте   бойынша ББЖ және ТЖБ  жұмыстары жүргізіледі.  Оқушылар  ББЖ және ТЖБ ережелерін сақтайды.

Мектепте үш әдістемелік бірлестік жұмыс істейді.

  1. Бастауыш әдіс бірлестігі-жетекшісі Искендир Г.А.
  2. Жоғарғы сыныптар әдіс бірлестігі-жетекшісі Тажибаева Г.Т.
  3. Сынып жетекшілер бірлестігі- жетекшісі Ташмағанбетова Ж.Қ.

   Бастауыш  сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің мақсаты:

       Үздіксіз бастауыш сатыдағы білім алуды қамтамасыз ете отырып өзгермелі әлеуметтік қоғам жағдайына бейімделе алатын, жан-жақты дамыған, шығармашыл тұлғаның дамуына жағдай жасау.

     Қыркүйек айында бастауыш сынып ұжымы нормативтік құжаттармен, әдістемелік нұсқау хатпен таныстырылды. Жаңа оқу жылына жұмыс жоспарлары талқыланып, бекітілді. Әрбір сынып жетекшілері пән бойынша тақырыптық күнтізбелік жоспарлары құрылып, бекітілді. Пән мұғалімдеріне тиесілі міндеттері бөлінді.

         Биылғы жаңа оқу жылының Білім күні жақсы хабарламадан басталды. Яғни 2017-2018  жылының аяғында «Пони» халықаралық байқауына қатысқан оқушылардың дипломдары жіберілді. Сондықтан жеңімпаздары мен жетекшілерін атаулы дипломдармен 1 қыркүйек күні тапсыруға тұра келді. Атап айтқанда бұл 4-сынып оқушысы Тақау Мақсат-1 орын, 3-сынып оқушысы Берік Дидар-1 орын, Жолдубаев Абай, Сыздық Омар, Сейтқали Гүлзана-сертификаттармен және осы оқушылардың жетекшілері Искендирова Сұлушаш Ауталиповна және Искендир Гульмира Алимовна дипломдармен марапатталды.

        Сонымен қатар «Кенгуру-математика для всех» халықаралық интеллектуалды конкурсының жеңімпаздары  дипломдармен марапатталды: Жолдубаев Абай және Тақау Мақсат-1 орын, Сыздық Омар мен Сейтқали Гүлзана- 2 орын.

Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесіне арналған «Тіл- татулық тірегі»  тақырыбында өткен онкүндік

Туғантілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде!

Туған тілім! Ана сүтінің жұғымы да сенде!

  Туған тілім! Райхан гүлдің жұпары да сенде!

     Туған тілім! Мәжнүн ғашықтың іңкәрі де сенде!

                     Туған тілім! Қыран құстың жанары да сенде!– деп, ақын  ағамыз жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс – берекенің алды, ұлттың әрі жаны, әрі ары. Тіл жай сөз емес, өмірдің талай сынынан өткен, өскелең талаптарға сәйкес өрістей түскен толыққанды ақиқат десек, жаңыла қоймаспыз. Осы  орайда мектебімізде  5- 18 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесіне арналған «Тіл- татулық тірегі»  тақырыбында онкүндік  өтті.

           Аудандық  білім  бөлімінің жоспарын негізге ала отырып, мектепішілік іс шаралардың жоспары құрылып ,әдістемелік бірлестіктерде бекітілді.

               Өткізетін іс-шара

Түрі

Мерзімі

Өткізуші

Жауапты

1

ҚР халқының Тілдер күні мерекесінің салтанатты ашылуын өткізу

Салтанатты жиын

05.09

Есимсеитова Г.Е

Садвакасова Т.К

2

«Ахмет Байтұрсынұлы- қазақ әліпбиінің негізін қалаушы»

Тақырыптық сабақтар

06.09

Сынып жетекшілер

Искендирова С.А

9

«Жұмағали Тілеулиннің өмірі мен шығармашылығы»

Танымдық кеш

17.09

Есимсеитова Г.Е

Есимсеитова Г.Е

17

Қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайтудың аса маңызды факторы-мемлекеттік тіл»

Дөңгелек үстел

10.09

Ташмағанбетова Ж.К

Искендірова С.А

18

«Үш тұғырлы  тіл саясаты-оқушылардың болашағы мен мүмкіндігі» Тіл-асыл қазына

Интеллектуалды ойын

12.09

Есимсеитова Г.Е

Искендир Г.А

Искендірова С.А

19

«Үш тұғырлы  тіл саясаты-оқушылардың болашағы мен мүмкіндігі»

шығарма

14.09

Есимсеитова Г.Е

Искендірова С.А

20

«Жаңа әліпби-жаңа дәуірдің жаңа тарихы», «Латын графикасына көшу»

Ата-аналар жиналысы

5-17.09

Искендирова С.А

Искендирова С.А

21

«Кім тапқыр?»

сайыс

13.09

Искендир Г.А

Искендирова С.А

22

 «Бала тілі-бал»

Мәнерлеп оқу

14.09

Какенова А.А

Какенова А.А

24

Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне арналған онкүндік аясында өткізілген іс шараларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

мақала

5-17.09

Айтбаева Қ.Ж

Әдіскер Аубакирова К.А.

25

Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай өткізілген  онкүндіктің жабылу салтанаты «Мәңгілік ел –мәртебелі тіл»

кеш

18.09

Есимсеитова Г.Е

Искендирова С.А

        Тілдер күні мерекесінің 5 қыркүйек күні салтанатты ашылуы өтті. Оқушылардың барлығы сап түзеп, салтанатты жиын Қазақстан  Республикасының  Әнұранымен ашылды . Қазақ тілі мұғалімі Есімсеитова Г.Е  оқушылар Тілдер күні мерекесінің  маңызы мен мерекелену себебіне тоқталып өтті. Бұл мерекенің халықтар достығы мен ынтымағының куәсі екенін, Қазақстан Республикасында тұратын  барша халықтың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін  қорғауға  және дамытуға  бағытталған  іс-шара екенін айтып өтті.
         

 Шараны   оқушылардың үш тілде дайындаған әдеби монтажы жалғастырды.

 Апталықтың екінші күні 5-6- сыныпта Тажибаева Г.Т «Ахмет Байтұрсынұлы- қазақ әліпбиінің негізін қалаушы» деген атпен сынып сағаттары өткізді . Сынып сағаттарында ақынның  өмірбаянымен таныстырылып ,өлеңдері оқылды. Сонымен қатар  «Ахмет Байтұрсынұлы- қазақ әліпбиінің негізін қалаушы» атты  көрсетілім көрсетілді.  

                 7-8-сынып оқушыларымен ақынның еңбектеріне шолу жасалып,шығармаларынан үзінділер оқылды. Бұл өткізілген іс шаралардың оқушыларға берері мол.

     Онкүндікте  іс-шаралар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізілді. Аталмыш онкүндік  аясында бекітілген жоспар бойынша мектебіміздің тіл мамандары Қазақстан Республикасында тұратын  барша халықтың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін  қорғауға  және дамытуға  бағытталған түрлі іс-шаралардың өтуіне белсене ат салысты.
           .             Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Есимсеитолва Г.Е 7-8- сынып аралығында «Үш тұғырлы тіл саясаты- оқушылардың болашағы мен мүмкіндігі» атты шығармалар сайысын ұйымдастырды.

            Оқушылардың мәнерлеп, жатқа оқу шеберліктерін  шыңдай түсу  мақсатында Есимсеитова Г.Е және Искендир Г.А  ұйымдастыруымен  «Тіл тірлігіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты 5-8 сынып аралығында үш тілде  мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Жеңімпаздар мақтау  қағазымен марапатталды.

Сонымен  қатар онкүндікте тарих мұғалімі Ташмағанбетова Ж.Қ  «Қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайтудың аса маңызды факторы-мемлекеттік тіл»  » тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Елбасының  данышпан  саясатының арқасында елімізде қоныстанған  барлық  ұлттардың  тілдерін,  мәдениетін, сондай-ақ мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру бағытында қол жеткізген айтарлықтай жетістіктерге тоқталып өтті.Соңында «Ұшқыр ой мен шешен тіл» тақырыбында    интеллектуалды  сайыс  өткізді.

   Оқу ісінің меігерушісі Искендирова С.А  ата-аналармен «Жаңа әліпби-жаңа дәуірдің жаңа тарихы», «Латын графикасына көшу» ата –аналар жиналысын өткізді.Жиналыста қазіргі заман талабына сай латын әліппиіне көшудің маңызы мен қажеттілігіне тоқталып өтті.

             Бастауыш сынып мұғалімі Искендир Г.А  1-4- сынып арасында «Кім тапқыр»  сайыс өткізді .Сайыстың мақсаты  елімізде қоныстанған  барлық  ұлттардың  тілдерін,  мәдениетін, сондай-ақ мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, тілге деген қызығушылықтарын ояту.

 

Онкүндік барысында «ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛ САЯСАТЫ-ОҚУШЫЛАРДЫҢ БОЛАШАҒЫ МЕН МҮМКІНДІГІ» тақырыбында 5-8 сынып оқушылары арасында «Тіл-асыл қазына» атты интеллектуалды сайыс тартымды өтті.

      Сайыс алты кезеңнен тұрды; кезеңдері барысында оқушылар өздері сұрақтарға жауап беріп, тұрақты сөз тіркестерін құрастырып, мағыналарын ашып, мақал – мәтелдерді жалғастырып, жұмбақтардың шешімін қазақ , орыс , ағылшын тілдерінде тапты сайыс барысында өздерінің білімдерімен, алғырлықтарымен, жылдамдықтарын танытты.

       Сонымен қатар балабақшадағы бүлдіршіндерде «Бала тілі-бал» атты

ертеңгілігін  мәнерлеп оқудан сайыс ұйымдастырылды..

     Апталық барысында5-8- сыныптарға арнап қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Есимсеитова Г.Е «Жұмағали Тілеулиннің өмірі мен шығармашылығы» атты танымдық ақпараттық  сабақ өткізді.Сабақ барысында оқушыларға Ж.Тілеулиннің шығармашылығы мен өмірінен мағлұматтар берілді.

Онкүндік қорытындысы ретінде  «Мәңгілік ел –мәртебелі тіл» атты салтанатты кеш өткізіледі

   Қазан айында әдебиеттік оқу пәні бойынша  Искендирова С.А. «Білім әлеміне саяхат» тақырыбында  апталық өткізді.

 Мақсаты:оқушылардың бойында сыни ойлау, қарым-қатынастың әртүрлі тәсілдерін қолдану, жеке және топта жұмыс жасай білу қабілеттерін арттыру;

Рс

тақырыбы

түрі

уақыты

жауапты мұғалім

 

1

Білімді болсаң, байқап көр,

Ойлы болсаң, ойлап көр!

сайыс

08.10.2018 ж

Искендирова С.А.

2

Кітапхана әлеміне саяхат

таным-сабақ

09.10.2018 ж

Искендирова С.А.

Ибраева Г.А.

3

Жақсыдан үйрен. Малды пайдаға жарату (Ы.Алтынсарин)

ашық сабақ

10.10.2018 ж

Искендирова С.А.

4

Ертегі әлеміне саяхат

сыныптар сайысы

11.10.2018 ж

Искендирова С.А.

 

5

Білім әлеміне саяхат

топтық сайыс

12.10.2018 ж

Искендирова С.А.

 

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        

  Қазан айында математика пәнінің мұғалімі Тажибаева Г.Т  өз сабақтарында жаңа технологияларды және мультимедиялық тақтаны кеңінен қолдана отырып ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында  «Twig»,   « i.mektep» сайттарынан сабақ тақырыбына байланысты деректерді қолданды.

      

 

         Биылғы оқу жылында «Ақбота»  Республикалық интеллектуалдық марафонына мектебіміздің 3-8 сыныптар арасынан 15 оқушысы қатысты.

 

                             № 

Оқушының 
аты-жөні 

сыныбы 

пәні 

мұғалімі 

орыны 


1 


Кенжеболат Арай


5

математика

қазақ тілі

биология

Тажибаева Г.Т

Есимсеитова Г.Е

Ташмағанбетова Ж.Қ


ІІ 


2 


Манап Сезім


5

математика

қазақ тілі

биология

Тажибаева Г.Т

Есимсеитова Г.Е

Ташмағанбетова Ж.Қ


ІІ 


3 


Қалиолла Бихан


5

математика

қазақ тілі

биология

Тажибаева Г.Т

Есимсеитова Г.Е

Ташмағанбетова Ж.Қ


ІІ 

4

Теміржан Диана

3

қазақ тілі

математика

дүниетану

Искендирова С.А.

Искендирова С.А

Какенова Ж.К.

ІІІ

5

Есламбек Альбина

3

қазақ тілі

математика

дүниетану

Искендирова С.А.

Искендирова С.А

Какенова Ж.К.

ІІІ

6

Жолдубай Абай

4

қазақ тілі

математика

дүниетану

Искендир Г..А.

Искендир Г..А

Какенова Ж.К.

ІІІ

7

Сейтқали Гүлзана

4

қазақ тілі

математика

дүниетану

Искендир Г..А.

Искендир Г..А

Какенова Ж.К.

ІІІ


8


Бортасова А


6

математика

қазақ тілі

биология

Тажибаева Г.Т

Есимсеитова Г.Е

Ташмағанбетова Ж.Қ


ІІІ 



Кадиржанова А


6

математика

қазақ тілі

биология

Тажибаева Г.Т

Есимсеитова Г.Е

Ташмағанбетова Ж.Қ


ІІІ


10 


Тажибаева Я


6

математика

қазақ тілі

биология

Тажибаева Г.Т

Есимсеитова Г.Е

Ташмағанбетова Ж.Қ


ІІІ 

11

Каримжанова Амина

6

-

 

 

12

Каримжанова Мадина

6

математика

қазақ тілі

биология

Тажибаева Г.Т

Есимсеитова Г.Е

Ташмағанбетова Ж.Қ


ІІІ

13

Сыздыков Еламан

6

-

 

 


14 


Айкимбаев Серик


7


математика

қазақ тілі

биология


Тажибаева Г.Т

Есимсеитова Г.Е

Ташмағанбетова Ж.Қ


ІІІ 

15

Такауов Тұрлыбек

8

-

 

 

 

 

 

      Қараша айында математика пәнінен «Математиканың сырлы әлемі» атты апталығын бастауыш сынып мұғалімі Искендир Г.А. өткізді.   

Логикалық сұрақтар, қызықты математикалық ойындар, жарыс сайыстар ұйымдастыру арқылы оқушылардың математикаға қызығушылығын және шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында өткізілді. «i.mektep» сайтындағы түсініктемелер мен сабақ тақырыбына байланысты өздік жұмыстар, көрсетілген қорытынды балдары  балаларды қызықтырды. Өткізілген іс-шаралар оқушыларға көп әсер етіп, математикаға деген қызығушылығын артырды.

 

 

р/с

Тақырыбы

Түрі

Мерзімі

1

«Сандар кіммен дос?!»

Ашылуы, сауалнама, суреттер көрмесі

05.11.18

2

«Математика патшалығы»

Интеллектуалды марафон

06.11.18

 

3

«Қызықты сандар мен фигуралар»

Математикалық ермексаз көрмесі

07.11.18

4

« Жұлдызды сәт»

Ойындар, жұмбақтар шешу

08.11.18

5

«Жұмыс,өнімділік, уақыт»

Ашық сабақ, 4-сынып

09.11.18

 

6

Апталық қорытындысы

Марапаттау

12.11.18

   

 

Желтоқсан айында казақ тілі пәнінің мұғалімі «Ақын болар ма еді?"әдеби кеш өткізді. Кеш барысында  Қ.Рысқұлбековтың өлеңдері оқылып, аталмыш тұлғаның өмірбаяны, арнайы қойылған ескерткіштері туралы айтылды.

   

      Ұлттық төл ақшамыздың 30-жылдығына орай «Теңге, кеше, бүгін,ертең» тақырыбында  4-сынып оқушыларымен  сынып жетекшісі Искендир Г.А. ашық тәрбие сағатын өткізді. Сабақтың мақсаты: Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге жайында, оның шығу тарихы   жайлы мағлұмат алады, теңге туралы түсініктері кеңейеді.Сабақ барысында оқушылар  ұлттық валютамыз-теңге туралы көп мағлұмат алды, жаңа ақпаратпен танысты. Оқушылар өз ойларын еркін түрде жеткізе алды, белсенділікпен қатысты.

  Республикалық көлемінде жылда ұйымдастырылатын «Код сағаты-2018» 3-8-сынып оқушылары қатысты. Бұл шараға қатысқан оқушылар программированиенің бірінші қадамдарымен танысты. Бүкіл оқушылар жақсы нәтиже көрсеткені үшін атаулы сертификаттарға ие болды.

 

 

                       

Қатысқан  Теміржан Жиана І орын, Кенжеболат Жалғас І орын.

Жетекшісі Искендирова С.А.

 

 

    Қазақ тілінен 8 сынып оқушысы Клепцова В  «Тіл-мемлекет тәуелсіздігінің символы» ХІІІ республикалық қашықтық олимпиадасына қатысып ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды және сертификат алды . Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Есімсейтова Г.Е.

                 

  Жалпы мектеп бойынша І жартыжылдық білім сапасы төмендегідей:

            Сыныптар

Оқушылар саны

Үздік оқушылар

саны

Үлгерімі жақсы оқушылар

саны

Үлгерімі орташа оқушылар саны

Білім сапасы (%)

Үлгерімі (%)

1

4

-

-

-

-

-

2

5

3

0

2

60

100

3

5

2

1

2

60

100

4

4

1

2

1

75

100

5

4

2

2

0

100

100

6

10

4

2

4

60

100

7

1

0

1

0

100

100

8

3

0

3

0

100

100

Жалпы

36

 

 

 

 

 

2-8

32

12

11

9

72

100

           

            

                             Мектеп бойынша KUNDELIK.KZ көрсеткіші:

 

Айлары

Қыркүйек

Қазан

Қараша

Желтоқсан

Пайыздар

100%

99,36%

100%

100%

 

 

 

 

 

 

 

 

 

BilimLand»,  «Twig»,  «i.Test», «i.Mektep» сайттарын

сабақ барысында  пайдалану (23.12.2018-02.01.2019)

 

             

 

 

қолданушылар

аккаунт

BilimLand

Twig

i.Test

i.Mektep

%

Баратай НМ

8

8

38

22

78

35

100

 

2018-2019 оқу жылы Баратай негізгі мектебі тәрбие жұмысын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы «22» сәуірдегі № 227 бұйрығымен бекітілген құжаттары негізінде  ұйымдастырды.

Тәрбие жұмысының тақырыбы: «Отбасы, мектеп және қоғамның өзара ынтымақтастығы».

         Мақсаты: Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан- жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу.

         Міндеттері: 

1. Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат және патриот қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету.

2. Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету.

3. Тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету.

4. Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын, психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету. 

5. Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.   

      Осы міндетті ұстана отырып биылғы 2018-2019 оқу жылында мектепте барлығы 5 сынып жетекші жұмыс атқарады .Сынып жетекшілер бірлестігі жұмыс жасайды,жетекшісі Ташмағанбетова Ж.Қ.

      Мектептегі тәрбие жұмысы «Оқушыларды халықтың тарихы және әдеби мұралары негізінде оқытып тәрбиелеу» түйінді мәселесі бойынша біршама жұмыстар атқарды.                                                                                                                      

     Оқу жылының басында 2017-2018 жылы атқарған жұмыстарға талдау арқылы  2018-2019 оқу жылына міндеттер айқындалып,ұйымдастыру шаралары іске асты: сынып жетекшілер тағайындалды, оқушылардың және ата-аналардың әлеуметтік жағдайы туралы мәліметтер жиналды, тәрбие жоспарының бағыттары белгіленді, сынып бөлмелері бекітіліп,белгіленді.

       Мектеп және сынып жетекшілердің тәрбие жұмысының басым бағыттары:

 Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының барлық бағыттары арқылы өтеді.  

1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

2. Рухани-адамгершілік тәрбие

3. Ұлттық тәрбие

4. Отбасы тәрбиесі

5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие 

7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты                                                                        

  Тамыз айында барлық мектеп жасындағы балаларды оқуға тарту, аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға жан-жақты материалдық көмек көрсету мақсатында «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды.Демеушілер тарапынан қолдауды қажет ететін патронаттығы тәрбиедегі Сыздықов Е, Айкимбаев С. және    Клепцовтар отбасындағы 5 оқушыға ауылымыздың бас имамы Сыздықов Тасболат Жастілекұлы  сыйлықтартарту етті.

    1 қыркүйек Білім күні «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын қолдап өзінің көмегін көрсетуге және оқушыларды мерекемен құттықтауға ауылымыздың тумасы,Көкшетау қаласының тұрғыны Нахимов Мұса ағамыз жұбайы Әлиямен келді.Ауылымыздағы патронатты тәрбиедегі 8 оқушыға оқушы сөмкесі және оқу құралдарымен қамтамасыз етіп,  өз көмектерін көрсетіп отырғанын айтып балаларға  жылы киімдер табыс етті.

1 қыркүйек «Білім күні» барша оқушылар мен аяулы ұстаздардың асыға күткен мерекесі. Білім күні әр жыл сайын дәстүрге айналған «Алғашқы қоңырау-2018» салтанатты жиыны  мерекеге сай безендіріліп өткізілді.     Жиынға ата-аналар,ардагер ұстаздар, мектеп әкімшілігі,ұстаздар мен оқушылар қатысты. Салтанатты жиын мектебіміздің жас бүлдіршіндерінің ән-биімен жалғасты. Алғашқы қоңырау соғу рәсімі 8 сынып оқушылары мен 1 сынып оқушыларына берілді. 1-қыркүйек Білім күні 1-8 сыныптары «Мен-өз Отанымның патриотымын» атты тақырыбында сынып сағаттарымен жалғасты.  

            

                                                                           

    Денсаулық күніне орай  оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулықты нығайту, көңіл күйді көтеру, сыныппен бірге ұйымшылдықты сезіну мақсатында  «Денсаулығымыз өз қолымызда» атты спорттық іс-шаралар,ойындар өткізді.  

    Іс-шара өте көңілді өтті.Оқушылар белсене,қызыға  қатысты.

                                              

 

                                          

      Қыркүйек  айының 5-күні «Рухани жаңғыру» аясында кітапханада «Бақытты отбасы-бақытты балалық шақ» атты дөңгелек үстел өтті.Сонымен қатар «Отбасы –бақыт мекені атты» суреттер байқауы ұйымдастырылды.                                                       

                                                                                   1 Қазан – Халықаралық Қарттар күніне арналған түрлімерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері «Құрметпен қарттарыма сәлемдеме» атты акция ұйымдастырып қарт ата-апаларымыздың үйіне барып мерекелерімен құттықтап, көмек көрсетіп қайтты. Акция «Құрметтейік қарттарды» тақырыбында кездесу кешімен жалғасты.  Бұл кешке ауылымыздың қариялары және мектебімізден зейнетке шыққан қарт ұстаздар қонаққа шақырылды. Сонымен қатар мерекеге Сарыөзек селолық округінің әкімі Есмағанбетов Сабыржан Шәріпұлы келді.Мереке барысында  қариялар оқушылардың арнап дайындаған концерттерін тамашалады. Бұл күні де ауылымыздың азаматы Нахимов Мұса қарттарға арнап сыйлықтар және тәттілер салынған пакет таратты. Мектеп ұжымы және аспазшының ұйымдастыруымен мектеп асханасында шай ішіп, ақсақалдар ризашылықтарын білдіріп баталарын берді.  

             5- қазан күні «Шәкірт жанын аялайтын ұғатын,сен ұлысың  ұлағатты ұстазым!» атты мерекелік кеш және Өзін-өзі басқару күні өтті.  Оқушылар таңертең мұғалімдерді мектеп дәлізінде әсем музыкамен қарсы алды.Салтанатты жиын өткізіп,мұғалімдерді құттықтады

        

                                                                                                      

 

 

 

 

Мерекелік іс-шара 2 кезеңнен тұрды.               1 кезең жоғары сынып оқушылары бір сәт өздерін  мұғалім сезініп сабақ берді.                                                                                                                                                                          

2- кезең ұстаздарға арнап мерекелік  концерт  ұйымдастырды.

 

 

  

     12 –қазан «Алтын күз-2018» атты мерекелік кеш өтті                                                                      Мақсаты: Мектебімізде өткізіліп жатқан «Алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылық, күз-шаттық, күз-қуаныш екенін оқушы санасына жеткізу. өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.

Мерекелік кешке арнап оқушылар қабырға газеттерін шығарды, өздері дайындаған концерттерін қойып және ата-аналармен бірлесе дастархан әзірледі.

       

 

                

 

              

    Қараша айының 23-күні ата-аналармен жүргізілетін мәдени-ағарту жұмыстары бойынша «Рухани жаңғыру» аясында «Бала әкеден өнеге,анадан мейірім алады» атты отбасылық кеш өткізілді.                                 

 Мақсаты: ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып,олардың халық ауыз әдебиеті,салт-дәстүрі туралы білімдерін байқау; ән-би,қолөнер тәріздіхалықтық өнерден хабардарлығын анықтау; отбасы –Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып,оқушыларды ынтымақ пен бірлікке,татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.                                             Сайысқа Ибраевтар отбасы,Айтбаевтар отбасы және Сұрағановтар отбасы қатысты.Сайыс 6-кезеңнен тұрды.Сайыс өте көңілді өтті.Әр отбасы мүшелері белсенді қатысты.Сайыс басталмас бұрын әділ қазылар алқасы сайланды.Әр сайыс соңында алған ұпайларын хабарлап,соңында Мадақтама грамоталармен марапатталды.

 

 

      

1-ші жартыжылдықта жоспар бойынша екі сыныпта ашық тәрбие сағаттары өтті.  қараша айында  4 сыныпта  сынып жетекшісі Искендир  Гульмира  Алимовна

    1-желтоқсан Қазақстан Республикасының тұнғыш Президенті күніне  арнап сыныптар арасында«Елбасымыз кемеңгер,көші түзу кемел ел!» тақырыбында сынып сағаттары өткізлді

Мақсаты: қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы,туып-өскен,оқып білім алған,қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын,халқын сүюге,ержүректілікке,азаматтыққа,патриоттық сезім ояту,тәрбиелеу;шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту,құрметтеу.

Оқушылар сынып сағатына белсенді қатысты.Елбасының сүйікті әніне би билеп те берді.

                     

 

                   

 

     7-желтоқсан күні барлық сыныптар арасында «Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізілді.

Мақсаты:қоғамның әртүрлі орталырындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу;сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып,құқықтық мағлұмат беру.

        16 желтоқсан «Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді.14-желтоқсан күні «Тәуелсіз елім тірегім,самғауыңды тіледім» атты салтанатты жиын өтті.Жиын барысында мектебіміздің оқушылары Реслер Надежда,Реслер Станислав және Реслер Светлана «Жас Ұлан» республикалық балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылданды.

    24-28желтоқсан аралығында мектепішілік «Қош келдің,Жаңа 2019 жыл!» тақырыбында Жаңа жылдық шырша мерекесіне дайындық жұмыстары  ұйыдастырылы п өткізілді. «Айгөлек» шағын орталығында 26-желтоқсан күні жаңа жылдық мерке тойланды.     

                                                                    Қалған оқушылар мерекені 28-желтоқсан тойлады.Алдын ала мектеп спорт залы жаңа жылдық шырша, түрлі-түсті ойыншықтар, аяз-ата мен ақшақар суреті бейнеленген плакаттармен безендірілді. Шыршаға барлық сынып оқушылары түгелдей қатысты.  Мектеп директоры Садвақасова Толқын Қабдырахманқызы шырша мерекесіне келген барлық оқушылар мен ата-аналарды келе жатқан 2019 жыл, доңыз жылымен құттықтап жаңа жылдық шырша шамын жағып мерекені ашып берді. Барлық оқушыларымыз өз өнерлерін ортаға салып Аяз-ата мен Ақшақардың сыйлығына бөленді. Шырша мерекесі барлық оқушыларымызға көтеріңкі көңіл – күй сыйлап қуантты. Ата-аналарымызда өз ризашылықтарын білдірді.   

                                             Оқу ісінің меңгерушісі:                    Искендирова С.А.

Жаңартылған күні: 06.04.2019 14:18
Құрылған күні: 23.01.2020 11:08

Текст