"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Баратай ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Баратай отдела образования по Зерендинскому району  управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сынып сағаты 4-сынып «Теңге – кеше,бүгін, ертең». Сынып жетекшісі Искендир Г.А.

Тақырыбы: «Теңге – кеше,бүгін, ертең»

Мақсаты: Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге жайында, оның шығу тарихы   жайлы мағлұмат алады, теңге туралы түсініктері кеңейеді.

Көрнекілігі: теңгелер, монеталары бейнеленген плакат, ноутбук, слайд, бейнеклип

Сабақтың түрі: галерея сабағы.

 

Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылыр! «Теңге - тәуелсіздік келбеті» атты галерея сабағымызға қош келдіңіздер! Әр мемлекеттің өзіне тән белгілері болады. Бүгінгі сабағымызда сол басты белгілердін бірі Қазақстанның ұлттық валютасы теңге туралы әңгімелейміз.

   Good afternoon, dear guests, teachers and students! Welcome to our gallery lecture "Tenge - yesterday, today, tomorrow" In our lesson, one of the main signs is the national currency of Kazakhstan.

     Добрый день, дорогие гости, учителя и ученики! Добро пожаловать на наш урок-галерею «Тенге - вчера, сегодня, завтра»! На нашем уроке мы будем говорить о национальной валюте Казахстана-тенге.

Қай халық, қандай ұлт болмасын өз еркіндігін аңсайды. Әр ел өзінің егемен, тәуелсіз болуын армандайды. Халқымыздың жылдар бойы аңсаған ізгі армандары жүзеге асып тәуелсіздігімізге қол жеткіздік. Бүгінгі күні теңгеміздің 25 жылдығына орай өткізіліп отырған «Теңге – кеше, бүгін, ертең» атты сабағымызды бастаймыз.

 

 

 

Слайд көрсету, видео көрсету

Видео: «Ақша әлемі»

 

Мақсат:

Түні нұрлы, ақ таңы, 
Жері гүлдей бақтағы. 
Ел ырысы – тайқазан, 
Төл теңгеміз қақпағы. 
Қазынамыз толығып, 
Болсын дәйім жолы құт! 
«Төл теңге – елтірегі!» 
Деп құрметтер оны жұрт. 

 

Омар:

Міне, бүгін теңге күнім – мерекем,
Қандай дұшпан «олай - бұлай» дер екен.
Осы теңге арқасында келешек,
Елге келер тойымшылық, берекем.

Теңгемнің беттерінде данышпандар,
Халқының қамын ойлап қамыққандар.
Әл - Фараби, Сүйінбай мен Құрманғазы,
Шоқан да теңгемізге бауыр басқан

 

 

 

  Гүлзана:

Теңгемде бар бейнесі
Ел таңбасы елімнің
Тапталып жатса егер ол,
Қадірі кетер елімнің.
Мақтансаң, мақтан елім деп,
Тани біл елдік таңбаңды.
Тәуелсіздікке тән белгі,
Қасиетті осы рәміздер.
Еліме рух мән берді,
Иесі оның мына біздер.

 

 Абай:

Теңгемізде алғашқы

Бейнеленді ұлылар.

Кейін оған жалғасты

Жетістіктер қыруар.

Әбунасыр, Абылай,

Әбілқайыр, ұлы Абай,

Құрманғазы көз тартты,

Шоқан менен Сүйінбай.

 

 

 

Тапсырма.(берілген ақшалардыі түрі, ерекшеліктері және айырмашылығы туралы айтып беруге ұсынады)

Қыз бен жігіт келе жатып жерден 5 теңге тауып алады. Оны көрген жігіт  5 теңгені көтереді. Сонда қыз: Ой 5 теңге көтеріп, ұят емес па?

Пікір алмасу.

 

 

Теңге туралы жұмбақтар.

1.Ұлы тұлғалары бар
Керек құнды кағаздар (теңге)


2. Мың... болғанша
Бір ақылды басын болсын (сом)


3. Айрықша белгісі
Әлемнің тынысы
Байлықтың белгісі (ақша)

4. Базарда бәрі бар,
... ешкім бермейді. (ақшасыз)


7.Тиыннан ... құралады. (теңге)


5. ... тиынна өсер.
Жылқы құлыннан өсер. (теңге)


6. ... кетуге тырысады,
Есеп ұстауға тырысады. (Ақша)

 

 

Сұрақ – жауап:

  • Ұлттық валюта қай жылы шығарылды? (1993ж. 15-қараша)
  • «Теңге» сөзі қай тілден келген? (Түркілердің «таньга» сөзінен шыққан)
  • Теңгеміздің авторлары кімдер? (Меңдібай Алин, Тимур Сүлейменов, Ағымсалы Дүзелхахов, Хайролла Ғабжәлелов)
  • Теңгеміздің қанша қорғаныш қасиеті бар? (он сегіз)
  • Ұлттық теңгеміз қайдан басылып шықты? (Англияда, «Харрисон және ұлдары» фирмасында)

  Мұғалім: Біздің Отанымыз - егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай, оны ен қымбат бұйымымыздай сақтап, құрметтеп келер ұрпақтар қолына аманат етіп тапсыруға тиіспіз. Мың жаса, тәуелсіз Қазақ елі! - дей «Теңге – кеше, бүгін,ертең» атты галерея сабағымызды аяқтаймыз.

Назарларыңызға рахмет!

Қорытынды:
Алла берсін берекесін теңгемнің,
О, Жаратқан, қамын ойла пендеңнің.
Ел басшысы Назарбаев бастаған,
Тәуелсізбіз, Қазақ деген елденбіз. (Оқушылар бірге хормен)

Рефлексия өткізу.  Ақша талдың үстіне теңгелерді жабыстыру.

Жаңартылған күні: 11.04.2019 17:37
Құрылған күні: 13.04.2019 01:24

Текст