Текст
Баратай негізгі мектебінде «Шебер қолдар» үйірмесі жұмыс жасауда. Бұл үйірменің жетекшісі көп жылдық тәжірибесі бар оқытушы - Тәжібаева Гүлнар Төлегенқызы. Бұл мұғалімнің қолынан бәрі келеді ,қазақ халықымыз ондай адамдарды "Он саусағынан өнер тамған" деп атайды. Гүлнар Төлегенқызы өз шеберлігін өзінің шәкірттеріне көрсетіп үйретеді. Бұл үйірмеде оқушылар бізбен тоқуға, жұмсақ ойыншықтарды жасауға, оригами құруға және басқа да көптеген қолөнер сиқырларына үйренеді. Балалар бұл үйірмеге баруды жақсы көреді және болашақта біздің тәжірибелі ұстазымыздың шеберлігін балаларымыздан да көреміз деп үміттенеміз!